Мария Шарапова жарақатына байланысты Торонтода өтетін турнирге қатысудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік теннисші Мария Шарапова жарақатына байланысты канадалық Торонтода өтіп жатқан Әйелдер теннис қауымдастығының турниріне қатысудан бас тартты.
None
None

Бұл туралы турнирдің баспасөз қызметі хабарлады.

Торонтода турнирде екінші нөмірмен шыққан, әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Шарапова оң аяғын жарақаттап алды. Оның орнына екінші нөмірмен румындық Симон Халеп шығатын болды.

Торонтодағы жүлде қоры $2,3 млн доллар болатын турнир 10-16 тамыз аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум