Марк Цукерберг, Элон Маск пен Эштон Катчер жасанды интеллектке қомақты инвестиция салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Tesla электромобильдерін шығарған Элон Маск, Facebook әлеуметтік желісін жасаушы Марк Цукерберг және атақты актер Эштон Катчер бірігіп, жасанды интеллект саласында жұмыс жасап жүрген Vicarious FPC компаниясына инвестиция құюда, деп жазады шетелдік БАҚ.

Марк Цукерберг, Элон Маск пен Эштон Катчер жасанды интеллектке қомақты инвестиция салды

Жалпы қаражат сомасы 40 млн. доллар шамасында болмақ. Дегенмен бұл компанияға түскен инвестициялардың бір парасы ғана.

Соңғы жылдары ірі компаниялардың жасанды интеллект саласындағы инновацияларға қызығушылығы артатүсті. Мәселен, Google 400 млн. долларға осыған ұқсас Deep Mind атты компанияны сатып алған болатын.