Марк Цукерберг Facebook-тің болашақ жоспарларымен бөлісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең алпауыт әлеуметтік желінің негізін қалаушы Марк Цукерберг өзінің соңғы сұхбатында Facebook-тің болашақ жоспарларымен бөлісе келіп, электронды коммерция үшін өздерінің жеке платформаларын жасап шыққылары келетінін айтты, деп жазады Day.Az.

Марк Цукерберг Facebook-тің болашақ жоспарларымен бөлісті

Цукербергтің айтуынша, төлемдерді енгізу жақын арада жүзеге аспауы мүмкін. Бұл алдағы бірнеше жылға жоспарланған.

Журналистерге бұл қадам күтпеген жаңалық болмады. Компания соңғы жылдары төлем жүйесінің түрлі тәсілдерін сынап бақты. Мысалы, Facebook Messenger осы күнге дейін 200 миллионға жуық қолданушы жыйған. Сондықтан, Facebook-тің осылай бастама жасайтыны бұрыннан белгілі болған.