Марк Цукерберг гавай аралдардың бірінен 100 миллион долларға жер сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы және басшысы Facebook Марк Цукерберг гавай аралдардың бірінен 100 млн. долларға жер сатып алды.

Марк Цукерберг гавай аралдардың бірінен 100 миллион долларға жер сатып алды

Цукербергтің меншігіндегі жер жағалық құм жағажайы және бұрынғы қант қамысының плантациясы болған. Facebook өкілі Цукербергтің жаңа саудасы жайлы ақпарат беруден бас тартты.

30 жастағы бизнесмен бүгінде Forbes нұсқасы бойынша 400 ең бай америкалықтар рейтингінде 10-шы орында тұр. Оның байлығы 34,5 млрд долларға бағаланады, деп хабарлайды "Эхо Москвы".