Марк Цукерберг компьютеріндегі веб-камераны қағазбен жауып қойған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісін жасаған Марк Цукерберг әлеуметтік желіде суретімен бөлісті, онда оның MacBook Pro компьютерінің микрофоны мен веб-камерасына қағаз жапсырылған. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады.
None
None

Компания өкілдері суретке қатысты түсініктеме бермеді. Суретке берілген жазбада әлеуметтік желінің негізін салушы «Инстаграмда» ай сайын 500 млн пайдаланушы бар екендігін жеткізген. 

Таяуда АҚШ-тың ФТБ директоры Джеймс Коми өзінің ноутбугіндегі веб-камераның бетіне қағаз жапсырып қоятындығын, бұл хакерлер аңдымауы үшін қажет екендігін атап өткен еді.

Ақпараттық қауіпсіздік саласында өнім шығаратын Symantec компаниясы ғаламтор пайдаланушыларынан веб-камерасы бар компьютерді жатын бөлмеде ұстамауын, сондай-ақ «компьютер алдында бүкіл жұрт көруін қаламайтын әрекет жасамауын» сұраған болатын. 

Соңғы жаңалықтар