Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Марк Цукерберг Қызыл крест қайырымдылық қорына 500 мың еуро бөлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Марк Цукерберг Қызыл крест қайырымдылық қорына 500 мың еуро бөлді. Бұл туралы Facebook басшысы Марк Цукерберг әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлады www.24.kz.

Марк Цукерберг Қызыл крест қайырымдылық қорына 500 мың еуро бөлді

Бөлінген қаржы Италияда болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің отбасына берілетін болады. Италиялық Қызыл крест президенті Францеско Рокка Цукербергке жасаған жақсылығы үшін алғысын білдірді.