Марк Клаттенбург Еуро-2016 финалына төрелік етеді
Ал Саймон Бек пен Джейк Коллин Клаттенбургтің көмекшісі, Энтони Тейлор мен Андре Марринер төрешінің қосымша көмекшілері болмақ. Барлық төреші - Англияның өкілдері. Төртінші төреші - Виктор Кашшаи (Венгрия), оның резервтегі көмекшісі Дьердь Ринг (Венгрия), деп хабарлайды eurosport.ru.
Франция мен Португалия құрамалары ойнайтын турнирдің финалдық кездесуі 10 шілде күні Париж түбіндегі Сен-Дениде «Стад де Франс» стадионында өтеді.
Еуро-2016 турнирінде Клаттенбург топтық кезеңдегі Бельгия-Италия, Чехия-Хорватия және 1/8 финалда Швейцария - Польша матчтарында бас төреші болды.
2015/16 маусымында Клаттенбург чемпиондар лигасының финалында және Англия Кубогы финалында қызмет атқарды. 41 жастағы арбитрдің еңбек еткен тізімінде 2012 жылғы ерлер олимпиадалық турнирінің финалы және УЕФА-2014 Суперкубогы бар.