01:05, 16 Тамыз 2024 | GMT +5
Марк Цукерберг әйеліне арнап мүсін жасатты
АСТАНА. KAZINFORM – Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг әйелі Присцилла Чанның 2 метрлік мүсінін орнатты. Бұл туралы «The Guardian» басылымы хабарлады.

Мүсінді Tiffany және Dior брендтерімен жұмыс істеген Нью-Йорк суретшісі Даниэль Аршам жасағаны атап өтілді. Чан жасыл түсте, күміс металдан жасалған плащ киген.
Марк Цукерберг Instagram-дағы парақшасында жариялаған суретте Чан мүсіні ағаштың түбіне қойылғанын көруге болады.
Анықтама үшін Марк Цукерберг пен Присцилла Чан 2003 жылы Гарвардтағы студенттер кешінде танысқан. Ерлі-зайыптылар 2012 жылы үйленген болатын. Қазір олар 9 жасар Максима, 7 жасар Августа және 1 жасар Аурелия есімді үш қызды тәрбиелеп отыр.