20:50, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Марк Твеннің ғұмырнамасы ол қайтыс болғаннан кейін алғаш рет жарық көрмек
АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Марк Твеннің Том Сойер мен Гекльберри Финн туралы кітап жазуға шабыттандырған ғұмырнамасы жазушы қайтыс болғаннан кейін жүз жылдан кейін алғаш рет жарық көргелі отыр, деп хабарлады Утро.ру агенттігі. Бұл туралы батыстық БАҚ жариялаған.

Твеннің өмірбаяны фермада өткен балалық шағы және атақты шығармасының негізіне алынған оқиғалар туралы баяндайды. Журналистердің мәліметтеріне қарағанда, Финнің прототипі орта жастағы Дэн есімді құл болған, ал Полли апайдың образы жазушының анасынан алынып жазылған.
Өзінің балалық шағындағы естеліктерін жариялауға Марк Твеннің өзі жүз жылға тыйым салған көрінеді. Ол 1910 жылғы сәуірдің 21-інде дүниеден өтті.