Марқакөлдегі орман өртіне 70 маман мен екі тікұшақ жұмылдырылды

АСТАНА. KAZINFORM — Марқакөл ауданында «Марқакөл орман шаруашылығы» КММ аумағында (Ақжайлау орманшылығы) таулы жерде құрғақ шөп пен бұта жанды. 

өрт
Фото: видеодан алынған скрин

Өртті сөндіруге ТЖМ, орман шаруашылығы және «Қазавиаорманқорғау» мекемелерінен шамамен 70 адам мен 8 техника, сондай-ақ ТЖМ «Қазавиақұтқару» қызметінің екі тікұшағы жұмылдырылған.

Өртті сөндірудің қиындығы таулы, жетуі қиын жерлерге байланысты. ТЖМ тікұшақтарымен 9 рет су төгілді.

Жағдай жұмылдырылған қызметтердің бақылауында.

Айта кетелік Қарағанды облысында бір тәулікте 280 гектар аумақтағы 4 табиғи өрт сөндірілді