Маркетингтік коммуникация нарығында интернет-жарнаманың үлесі 12-15 пайызды құрайды

АЛМАТЫ. 11 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Түрлі талдау агенттіктерінің болжамына қарағанда, интернет-жарнама маркетингтік коммуникация нарығының бестен бірін құрағанда даму тұрақты болады.

Маркетингтік коммуникация нарығында интернет-жарнаманың үлесі 12-15 пайызды құрайды

Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан 2-Қазақстандық интернет апталығында айтылды.

"Ресейдің маркетингтік коммуникация нарығында интернет-жарнаманың үлесі 8 пайызды құрайды. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, ол өзге елдерде 12-15 пайыз", - дейді "Бегун" компаниясының аймақтық даму департаметінің жетекшісіМаргарита Деминская. Оның айтуынша, Ресейдің маркетингтік коммуникация нарығы биыл 16,6 пайызға өсуі мүмкін. Былтыр ол 18 пайызға өсіп, 315 миллиард рубльді құраған болатын. Оның ішінде контекстік жарнама 16,85 миллиард рубль. Ол көршілес Украинада 2010 жылы 46 пайызға өсіп, 14 миллион доллар болды. Жалпы Қоғамдық пікір қорының 2010 жылдың желтоқсан айында жүргізген зерттеулеріне қарағанда, Ресейдің интернет қолданушылары 33 миллион адам. Бұл 12 жастан жоғарғы ел тұрғындарының 33 пайызы. Ал мобильді интернеттің аудиториясы 22 миллион адамды немесе 12 жастан жоғарғылардың 18 пайызын құрауда.