Марко Холл: «Канело Головкиннен қорқады»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби боста ешқашан да жеңіліп көрмеген американдық Марко Холл, Dontae's Boxing Nation-ға берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауля Альварестің болу мүмкін айқасы жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды sports.kz.
- Мен Канеллоны сыйлаймын, бірақ менің ойымша, ол Головкиннен қорқады. Ол одан жеңілуді қаламайды және белбеуін де жоғалтқысы жоқ. Головкин одан күшті және ақылды. Сондықтан да, егер олардың арасында айқас болған жағдайда жеңетіндігі сөзсіз,-деді Холл.