Марқұм болған депутат С.Жылқайдаровтың өкілеттігі тоқтатылды - Мәжіліс
Еске сала кетейік, қазанның 13-інде депутат Сәкен Жылқайдаров дүниеден озған еді. Осыған байланысты депутаттық өкілеттікті тоқтату туралы ұсынымды қарауды ҚР Орталық сайлау комиссиясы енгізген болатын. Сәкен Егінбайұлы Жылқайдаров 1956 жылы Алматы облысы Көксу ауданында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1993-1996 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, 1997-1999 жылдары Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет етті. 1999-2011 жылдары Алматы облысы Талдықорған қаласының әкімі, 2011-2012 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған. 2012 жылғы қаңтардан бастап V сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Тың игеруге 50 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.