Марқұм болған коллекционердің қобдишасынан Клод Моненің аса құнды туындысы табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс коллекционері Корнелиус Гурлиттің қайтыс болғанына бірнеше ай өткен соң, оның чемоданынан Клод Моненің туындылары табылды.
Associated Press хабарлағандай, 81 жасында дүниеден өткен Гурлиттің бай коллекциясының ішінен табылған Моне картинасы соңғы жәдігер болды. Өнер туындылары салынған чемоданды белгісіз себептермен Гурлитт ауруханаға тастап кеткен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Гурлиттің пәтерінен Пабло Пикассо, Пьер Огюст Ренуар, Анри Матисса, Альбрехта Дюрера, Эмиля Нольденің жұмыстарын қосқанда, 1 мың 280 картина табылып, тәркіленген. Бұл туындыларды иелері фашистер Германия билігінде болған 1930-шы жылдары жоғалтқан болатын.