Марқұм Сергей Дьяченконың депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында марқұм Сергей Дьяченконың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марқұм Сергей Дьяченконың депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

 «ҚР Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, сондай- ақ ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8- тармақтарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Сергей Дьяченконың  қайтыс болуына байланысты өкілеттігін мерзімін бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін сіздерге ұсыным енгізіп отыр»,-деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Естеріңізге сала кетейік, ұзаққа созылған ауыр сырқатынан кейін биылғы 26 қазанда көрнекті қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченко өмірден озды. Оның сүйегі Ұлттық пантеон аумағында жерленді.