Марлен Көлбаев Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

марлен көлбаев
Фото: Жетісу облысының әкімдігінен

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Марлен Қапашұлы Көлбаев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Көлбаев Марлен Қапашұлы 1976 жылы туған, білімі жоғары. «Жетісу» институтын «экономика және менеджмент», Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын Ішкі істер басқармасы күзет бөлімінің полиция қызметкері болып бастаған. Біршама жыл «Жетісу» экономикалық институтында түрлі қызметтер атқарды.

Кейін Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ агроөнеркәсіп кешені департаментінің бас менеджері, Талдықорған қалалық адами ресурстарды басқару департаментінде жобаларды басқарудың бас менеджері, «ЖетісуАгроСауда» ЖШС-ның Талдықорған аймағы бойынша бастығы, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары, Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың тамыз айынан Көксу ауданының әкімі болды.

Сондай-ақ Жетісу облысы әкімінің өкімімен Рустам Али басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Соңғы жаңалықтар