Марокко Эбола салдарынан футболдан Африка чемпионатын кейінге шегеруді сұрауда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марокко билігі дүйсенбі күні африкалық футбол шенеуніктерімен кездеседі. Онда олар Эбола салдарынан африкалық ұлттар кубогының кейінге шегеруді сұрамақ. Бұл туралы BBC хабарлайды.
Африкалық ұлттар кубогы - футболдан Африка чемпионаты 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында Мароккода өтуі тиіс. Алайда ел билігі турнирді маусым айына шегеруді ұсынуда.
Африкалық футбол конфедерациясы чемпионатты кейінге шегеруге қарсы. Олар өзге 7 елден турнирді өткізуді сұрады. Алайда олар келіспеді.