Марокко Гран Приіне 15 қазақстандық дзюдошы қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Марокко Гран Приіне 15 қазақстандық дзюдошы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Рабатта (Марокко) өтетін әлемдік Гран При кезеңіне қатысады. 6-8 наурыз күндері өтетін додаға 95 елден 583 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Аталған бәсекеде Қазақстан намысын 15 дзюдошы қорғайды.

Ерлер:

Бауыржан Нарбаев (60 келі)

Ерлан Серікжанов (66 келі)

Серік Ақылбек (73 келі)

Жансай Смағұлов (73 келі)

Руслан Мусаев (81 келі)

Дидар Хамза (81 келі)

Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі)

Айбек Серікбаев (-100 келі)

Ерасыл Қажыбаев (+100 келі)

Ғалымжан Қырықбай (+100 келі)

Әйелдер:

Әйгерім Әбілқадырова (48 келі)

Ғалия Тынбаева (48 келі)

Анна Казюлина (52 келі)

Севара Нишанбаева (57 келі)

Зарина Райфова (-78 келі)


Соңғы жаңалықтар