Марокко жағалауында мигранттардың қайығы суға батып кетті

АНКАРА. ҚазАқпарат - Марокко жағалауында заңсыз мигранттар мінген кеме суға батып, кем дегенде 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Марокко жағалауында мигранттардың қайығы суға батып кетті

Бір күн бұрын ондаған мигрант мінген кеме жартастарға соқтығысқан деп мәлімдеді ақпарат көзі. 6 адамның мәйітін табылды, 48 адам аман қалды.

Мигранттардың қай елде туғаны туралы ақпарат берілмейді.

Бұған дейін 18 шілдеде Марокко билігі 900-ге жуық заңсыз мигранттың құтқарылғанын жариялаған.