Мароккода автофургон аударылып, 24 адам мерт болды

РАБАТ. ҚазАқпарат – Марокконың орталық бөлігіндегі таулы аймақта орналасқан Демнат қаласында автофургон аударылып, 24 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мароккода автофургон аударылып, 24 адам мерт болды
Фото: pixabay.com

Азық-түлік тасымалдайтын жүк машинасы Демнатта апта сайын өтетін ауыл жәрмеңкесіне бара жатқан. Корольдік жандермериясы оқиғаға байланысты тергеу амалдарын бастады.

Ресми мәлімет бойынша, 2022 жылы Мароккода жол-көлік оқиғаларынан 3,2 мыңнан астам адам көз жұмған.