Мароккода Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусиновтың жұмыс сапары аясында Мароккода Касабланка қаласындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының ашылу салтанаты өтті.

Мароккода Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, А. Мусинов қазақстандық-марокколық қарым-қатынас тарихындағы бұл оқиғаның маңызы мен Қазақстанның алдағы уақытта ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Ол құрметті консулдықтың қызметі екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстың кеңеюіне ықпалдасатынына сенім білдірді.

Шара барысында консулдықта кітап және фото көрмесі ұйымдастырылды.

ҚР Құрметті консулы лауазымына Касабланканың беделді тұлғаларының бірі - Араб Магрибінің Экономикалық палатасының президенті, Марокко Парламентінің кеңесшілер Палатасының экс-депутаты Хассан Беркани тағайындалды.
null