Мароккода тасқын су автобусты аударып жіберген: 17 адам ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Марокконың оңтүстік батысында тасқын су автобусты аударып жіберген. Салдарынан 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Al-Awsat.

Мароккода тасқын су автобусты аударып жіберген: 17 адам ажал құшты

Келеңсіз жағдай кеше болған. Автобус Эррахидия қаласына жақын маңда көпірден өтер сәтте аударылған.

Алдын ала деректерге қарағанда, кемінде 17 адам қаза тапқан. Құтқарушылар алдымен алты жолаушының денесін тапқан және 11-інің мәйіті көмек көрсету операциясы барысында анықталды.

Жергілікті билік түрлі жарақат алған өзге 29 жолаушының жағдайы «қалыпты» екендігін, Эррахидидегі ауруханаға жеткізілгенін мәлім етті.

Зардап шеккендердің айтуынша, жүріп келе жатқан автобус көпірден өтер кезде кенеттен су басып қалған. Көлік не алға, не артқа жүре алмаған. Күшейген тасқын су іші жолаушыларға толы автобусты аударып жіберген.