Мароккода ұшқыштар ереуіл жариялады

АСТАНА.  Тамыздың   13-і. ҚазАқпарат -  Мароккода "Роял Эйр Марок"   ұлттық  әуе компаниясының  ұшқыштары  үшкүндік ереуіл  жариялады.     350-ден  астам ұшқыш жұмысқа шықпай  қойды, 

Мароккода  ұшқыштар  ереуіл  жариялады

деп   хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Марокко  ұшқыштары  қауымдастығының басқармасынан   хабарлағанындай,    бұл   акция   ұшу сапарларының кестесіне  әсер етпейді.  «Рейстердің  жоспарлы    орындалуы және  жолаушылар  баратын  жерлеріне  еш қиналмай  жетулері   үшін  компания  барлық қажетті    шараны  қабылдап  отыр», - деп  мәлім етті  қауымдастық өкілдері.

Ал ұшқыштар   әуе компаниясының басшылығынан  жұмысқа   қабылдауда аз жалақыға келісетін   шетелдіктерден  гөрі,  мароккандықтарға басымдық  беруді талап  етуде.

Ереуіл   жұма күніне дейін созылады  деп күтілуде.