Марокконің королі 24 мың тұтқынға рақымшылық жасады

РАБАТ. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат - Марокконің королі Мохаммед VI өзінің таққа отыруының он жылдығына орай 24 мың тұтқынға рақымшылық жасады,

Марокконің королі 24 мың тұтқынға рақымшылық жасады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Королдік сарайдың мәлімдемесіне сай 16 мыңнан астам тұтқын мерзімінен бұрын бостандыққа шығады, қалған сегіз мыңының жазасы жеңілдетіледі. Рақымшылық - жүкті әйелдерге, сәбилі аналарға, сондай-ақ  кәмелетке толмағандарға, қарттарға, мүгедектерге және шетелдіктерге қатысты.