01:39, 16 Ақпан 2016 | GMT +5
Марокконың шығысында аса ірі динозаврлардың қаңқасы табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұхаммед I атындағы Университеттің бір топ мароккондық зерттеушілері елдің шығысында топтасқан қаңқа сүйектер мен динозаврлардың іздерін тапты.

Maghreb Arabe Presse ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қаңқалар Фигиг провинциясы аумағынан табылған.
Мамандардың айтуынша, кейбір іздердің орны ондаған метрге жетеді.
Айта кетер жайт, зерттеу жұмыстарына және динозаврлардың осынау аса ерекше де ғажайып іздерін табуға жергілікті көшпелі тайпалардың өкілдері көмектескен.