«Марс» әскери операциясына қазақстандық жауынгерлер де қатысқан

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 1942 жылдың аяғында Калининград майданындағы 39-шы армияның құрамында «Марс» деп аталған үлкен шабуылға қатысқан ұлттық 100-ші және 101-ші атқыштар бригадасы Ұлы Отан соғысының бас кезінде Қазақстанда жасақталған болатын,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тверь облысының Оленин ауданының аумағында болған «Марс» операциясы қайғылы аяқталды - кеңес әскерлері үлкен шығынға ұшырады. Олениндегі «Орел» әскери-тарихи іздестіру орталығы» ұйымының жетекшісі Дмитрий Жуктың айтуынша, әскери сәтсіздікке және орасан адам шығынына байланысты, барлық материалдар, оның ішінде қаза болғандардың тізімдері де ұзақ уақыт бойы жасырын күйінде сақталып келген. Енді, құжаттардан «құпия» белгісі алып тасталғаннан кейін, «Марс» операциясына 100-ші және 101-ші атқыштар бригадасының құрамындағы жүздеген қазақстандықтардың қатысқаны мәлім болып отыр. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл филиалының жастар қанатының бастамашылығымен Жамбыл облысында қазір сол «Марс» операциясында қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстары іздестірілуде. «Тверь облысының аумағында 29 бауырластар зираты бар, онда жерленгендердің тізімінде Жамбыл облысынан 78 адам бар. Біз қаза болғандар туралы мәліметтерді Жамбылдың барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияладық, жауынгерлердің туған-туыстарын іздеп тауып, оларды сол бауырластар зиратына апаруды ұйымдастырғымыз келеді. Ұлы Отан соғысы әрбір отбасында өз ізін қалдырды, ол адамзат ешқашан ұмытпайтын қайғылы оқиға», - дейді «Нұр Отан» жастар қанатының мүшесі Ғұлам Омаров.
Соңғы жаңалықтар