Марсель мен Кошица қалалары - Еуроодақтың 2013 жылғы мәдени астаналары

АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Француздың Марсель және словакияның Кошица қалалары Еуроодақтың 2013 жылғы мәдени астаналары болып жарияланды.

Марсель  мен Кошица қалалары  -  Еуроодақтың 2013 жылғы мәдени астаналары

Қалаларды тәуелсіз сарапшылар таңдайды. Әдетте, мәдени астаналарда сан түрлі мәдени және туристік шаралар ұйымдастырылады. Бұл бастама ЕО-да 1985 жылдан қолға алынған. Еске сала кетсек, тұңғыш мәдени астана Афина қаласы болған еді.