Марсоход Қызыл планетада жүр

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Марсоход Қызыл ғаламшар бетіндегі жоспарланған жолының жартысын жүріп өтті. Қазір аппарат «Виктория» кратерінен «Индовер» кратеріне бет алды, деп хабарлайды «Эхо Москвы» радиостансасы.

Марсоход   Қызыл    планетада    жүр

Диаметрі 800 метрді құрайтын «Виктория» кратерін марсоход екі жыл бойы зерттеді.

Ал «Индевор» кратерінің диаметрі - 22 шақырым. Ғалымдардың пайымдауынша, онда ылғалды жағдайда түзілетін сазды минералдар болуы мүмкін. Минералдар өз кезегінде, тіршіліктің болуына алғышарт болып табылады.