Марста әлдебір жаратылыстың қаңқасы табылды (ФОТО)

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Марсты суретке түсіретін Curiosity құрылғысының көмегімен Қызыл ғаламшардың бетінен әлдебір жаратылыстың қаңқасы байқалды.

Марста әлдебір жаратылыстың қаңқасы табылды (ФОТО)

Көрініс "Areazone51ufos.blogspot.com" сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ. кz.

Көріністі үлкейтіп көрген кезде арнайы мамандардың өзі таңырқай қарап, оның шын мәнінде қаңқа сүйектері екендігіне көз жеткізді. Сарапшылар Curiosity расымен қаңқа сүйегін тапты деп отыр. Кейбірі бұл көріністі жәй ғана елес деп сеніңкіремеуде.
НАСА-ның Марстағы құрылғысы жарты жылдан бері жұмыс істеп келеді, бірақ, зерттеушілерді дәл мұндай ақылға симайтын түсірілімдерімен бірінші рет ойландырып отыр.