Марста мұз дәуірі аяқталған - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Боулдердегі Оңтүстік-Шығыс зерттеу институтының ғалымдары Mars Reconnaissance Orbiter планетааралық стансасынан жіберілген ақпараттарды сараптап шықты. Зерттеу нәтижесі Science журналында жарияланды, деп жазады nat-geo.ru.
None
None

Компьютерлік модельдеудің көмегімен мұздар жылжуын байқаған ғалымдар Марста мұз дәуірі шамамен 375-400 мың жыл бұрын аяқталғанын анықтады. Жерге қарағанда, Қызыл планетаның полюстеріндегі температура бұл кезде орташа көрсеткіштен жоғары болған.

Марс полюстерінде (әсіресе солтүстік) мұздардың жылжуы кезінде 87 мың текше шақырымнан астам мұз жинақталған.

Қазір планета «еріп жатыр» - біртіндеп мұз дәуірінен шығып келеді. Бұған жуырда байқалған Қызыл планета бетіндегі судың ағуының іздері дәлел бола алады.

Соңғы жаңалықтар