Марста тура жердегі тәрізді өзендер болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық аэроғарыш агенттігі Марстағы құрғап қалған өзеннің сағасының суретін жариялады. Сурет автоматтандырылған орбиталық станса арқылы түсірілді, деп хабарлады "Россия 24" телеарнасы.

Марста тура жердегі тәрізді өзендер болған

Ғалымдардың айтуынша, бұл суреттер мен одан алынған мәліметтер Қызыл планетада бұрын болған өзен жүйесін зерттеуге көмектеседі.

Жарты жыл бұрын НАСА Марста өзендер табылғанын жариялаған. Дәлірек айтқанда, Цельсия бойынша минус 70 градус суықта да қатпайтын тұзды сұйықтық жайлы айтылған еді. Олардың мәліметінше, өзендер маусымға байланысты пайда болады.