Марстан ежелгі көлдердің орындары табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар Марстан ежелгі көлдердің орындарын тапты, деп хабарлайды НАСА.
Curiosity марстық ғарыш аппаратынан бақылаулар Марста 3,8 және 3,3 млрд. жыл бұрынғы аралықта ұзақ уақыт бойы су мен көлдер ағындары болған деген тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Бұған Шарп тауындағы шөгінді жыныстардың қабаттары түріндегі көл орындары дәлел бола алады. Жасалған талдау көрсеткендей, бұл жыныстар жарты миллиард жылдан бұрын аз уақыт ішінде түзілген. «Марс миллиард жыл бұрын Жерге қатты ұқсаған тәрізді. Ендігі міндетіміз - онда жұмсақ климат қалай болғанын және ылғал қайда жоғалғанын анықтау», дейді НАСА-ның Mars Exploration оқу бағдарламасының жетекшісі Майкл Мейер. Бұрынырақ НАСА бұл ғаламшардан табылған өзендер - тұзды судың маусымдық ағындары екенін мәлім еткен болатын. Ғаламшартанушылар мұндай қорытындыға Mars Reconnaissance Orbiter орбиталық марстық аппаратының көмегімен алынған жоғары сапалы түсірілімдерді талдау нәтижесінде келді.