Марстан көл орны табылды

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Американдық Curiosity құрылғысы Марста бұрын болуы мүмкін тұщы сулы көлдің ізін тапты. Мамандардың пікірінше, 3,6 млрд. жыл бұрын болған бұл көлде, мысалы, бейорганикалық қосылыстардың қышқылдануынан энергия алатын chemolithoautotrophs - хемолитоавтотрофты бактериялар өмір сүруі мүмкін.

Марстан көл орны табылды

Жерде бұндай бактериялар әдетте күн түспейтін жерлерде, үңгірлерде кездеседі. Сонымен қатар, зерттеушілер Марста өмір сүру белгілері әлі де табылмағандығын айтуға асықты. «Марста ертеде өмір сүру белгілерін анықтамағандығымызды атап өткен жөн. Біз тек әзірге Гейла кратерінде микробтардың өмір сүруіне жағдай жасаған мықтағанда бір көлшіктің болғанын ғана білеміз. Бұның өзі Марсты зерттеудегі ең үлкен қадам», - деді Лондондағы Империялық колледждің зерттеушісі Санджив Гупта.

Еске сала кетейік, Curiosity Марсқа 2012 жылғы тамызда қонған болатын. Марстық бағдарламаны жүзеге асыру NASA-ға 2,5 млрд. долларға түсті.