Марстан үйеңкі жапырағы табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марс үйеңкі жапырағы Археолог Джордж Грэхем Марста ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып жатқан Curiosity аппараты түсірген суреттен тасты шөлде ерекшеленіп тұрған бір белгіні байқады, деп жазады VistaNews.
Тікбұрышты ақ заттағы суретті бірнеше есе үлкейтіп қараған ол мұны кәдімгі үйеңкі жапырағына ұқсатты. Осыған орай ғалым Қызыл планетада тіршілік болған деген пікірде. Бірақ бұл жаңалықтың қаншалықты растығын уақыт көрсетеді дейді ол. Алдағы уақытта жұмбақ ғаламшарды тыңғылықты зерттеу мүмкіндігіне АҚШ ғарышкерлері ие болмақ. Себебі Дональд Трамп NASA-ның Марсты зерттеуге арналған пилоттық жобасын қаржыландыру туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады 24 Хабар .