Мартин Мюррей: Головкин супер орта салмаққа ауысар болса, Фроч пен Дигейлді сұлатып салар еді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Супер орта салмаққа ауысуды жоспарлап отырған британдық Мартин Мюррей өзінің Карл Фроч пен Джеймс Дигейл тәрізді отандастары орта салмақтағы WBA/IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Горовкинге лайықты қарсылас бола алмайды деген пікірде.
None
None

Бұл туралы Sports.kz жазды.

«Головкин супер орта салмаққа ауыса алар еді, өйткені орта салмақта оған лайықты қарсылас та қалмады. Ал Карл Фрочтың ойын мәнеріне қанықпын. Олардың жекпе-жегі нағыз айқасқа айналар еді. Менің ойымша, Геннадийдің соққылары өте ауыр, әрі рингте өзін еркін ұстайды. Оның Карлден басым түсетіндігі сөзсіз.

Ал Джеймс Дигейл болса, көбінесе қарсы соққы берудің шебері. Бірақ ол да Головкинді жеңе аларлықтай қауқарлы деп санамаймын»,-деген пікірін білдіреді Мюррей.

Соңғы жаңалықтар