Мартин Мюррей: Головкинді 160 фунтта ешкім жеңе алмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бұрынғы қарсыласы британдық Мартин Мюррей (34-4-1, 16 КО) орта салмақтағы GGG  қарсыластарының мүмкіндіктеріне төмен баға берді, деп жазды Sports.kz.

Мартин Мюррей: Головкинді 160 фунтта ешкім жеңе алмайды

- Сондерс - тамаша боксшы, бірақ Головкинмен жекпе-жекте оған еш мүмкіндік берілмейді. 160 фунтта Головкинді ешкім жеңе алмайды. Джейкобспен айқаста Головкин әдеттегідей сылбыр қозғалды, бірақ сөйте тұра, әлемдегі үздік орта салмақ боксшыларының бірін жеңді, - деген Мюррейдің сөзін келтіреді Boxing News журналы.

Головкин мен Мюррей 2015 жылы 21 ақпанда Монте-Карлода кездесті. Бұл айқаста 11-раундта Геннадий техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.