Мартин Мюррей: «Головкинмен бәсекелесу - мен үшін жақсы мүмкіндік»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкинмен бәсекелесу - жақсы мүмкіндік, деп есептейді Мартин Мюррей.
None
None

32 жастағы британиялық М. Мюррей әлем чемпионы атану үшін екі рет күрескен. Екі жағдайда да кездесу оның пайдасына шешілмеді. 2011 жылы Феликс Штурммен жекпе-жегте екеуі тең түсті. Ал 2013 жылы Мюррей Серхио Мартинесті нокдаунға жібергеніне қарамастан, одан жеңілген, деп жазады sports.kz .

21 ақпанда Монакода Мюррей WBA (Super) и WBC (Interim) нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинмен бәсекелеседі.

«Үздік боксшылармен күш сынасқым келген. Головкин - орта салмақтағы боксшылардың үздігі, - деді Мюррей BehingTheGloves.com.-ге берген сұхбатында - Бұрын үздік деп ойлаған Мартинеспен күрескенмін. Тәжірибем бар. Қиын жекпе-жек болатынын білемін. Бұл сынды тағатсыздана күтіп отырмын. Мен үшін бұл - жақсы мүмкіндік».

Соңғы жаңалықтар