Мартин Мюррей: «Жеңілгеніме қарамастан, Головкинмен жекпе-жегім жақсы өтті»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Геннадий Головкиннен жеңілген британиялық Мартин Мюррей қазақстандықтың жетістіктері мен жекпе-жектен алған өзінің тәжірибесін атап өтті, деп хабарлады Sports.kz Worldboxingnews.net-ке сілтеме жасап.

Мартин Мюррей: «Жеңілгеніме қарамастан, Головкинмен жекпе-жегім жақсы өтті»

- Ол барлығын дұрыс істейді. Оның күші, тайминг, аяғының жұмысы, қорғанысы, ол - керемет боксшы. Жеңілгеніме қарамастан, Головкинмен жекпе-жегім жақсы өтті деп ойлаймын. Мықты боксшымен жұдырықтаса алатынымды дәлелдедім.