13:03, 28 Сәуір 2018 | GMT +6
Мартиросянның салмағы Головкиннен ауыр болып шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA, WBC IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен оның қарсыласы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Лефлер мәлімдеді.
«Кездесу алдындағы 7 күн аралықта Головкиннің салмағы 162,9 фунт болса, Мартиросян 167,1 фунтты көрсетті. Екеуі де 168 фунт салмақ шектеуінен асқан жоқ»,-деп жазады Лефллер өзінің Twitter аккаунтына.