«Mary Kay» қайырымдылық шараларының мақсаты «Бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өмірін жақсарту» - К.Кулинич

Ы. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Әлемнің 38 еліндегі «Mary Kay» компаниясының қызметі қайырымдылықпен тығыз байланысты.

«Mary Kay» қайырымдылық шараларының мақсаты «Бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өмірін жақсарту» - К.Кулинич

Бұл жайында «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС-нің Бас директоры Константин Кулинич бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Mary Kay қайырымдылық қоры 1993 жылы құрылған. Жұмыс істеп жатқан уақыты ішінде қор әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді болдырмау бағдарламаларын қолдауға 18 миллион доллар жұмсаса, әйелдердегі рак ауруларын зерттеуге 12 миллионнан астам доллар жұмсаған.

Ал, «Мери Кей (Қазақстан)» құрылған күнінен бастап қайырымдылық жобаларын қолдауды жүзеге асырып келеді, жетім балаларға, ауыр науқас балаларға, мемлекеттік медицина және интернат мекемелеріне, сондай-ақ балалар үйлеріне көмек көрсету үшін қаражат жинау акцияларын жүргізеді. Тек 2009 жыл ішінде 27 қазақстандық балалар үйлері мен интернаттарына жалпы 4 200 000 теңге көлеміндегі сомаға көмек көрсетілген.

«2006 жылы Республикалық «Балбұлақ» балаларды сауықтыру орталығына 50 000 доллар көлеміндегі сомаға медициналық жабдық сатып алынды. 2008 жылы нашар еститін балаларға арнап 50 000 доллардан астам сомаға кохлеарлық имплантаттар және Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына 6 000 000 теңге көлеміндегі сомаға арнайы медициналық жабдық жеткізілді. Үстіміздегі жылы Компания А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы үшін жабдық сатып алуға қаражат жинауға бағытталған «Өмірді өзгертетін түс» атты қайырымдылық шарасын жүргіздік. Бұл шараның мақсаты - туа бітті жүрек ақауымен ауыратын балалардың өмірін сақтап қалу. Шара қорытындысы бойынша 7 500 000 теңге көлеміндегі қаржыға жабдық сатып алынды», дейді К.Кулинич.