Маржан Әкімжанова Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
None
None

Ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.

Маржан Әбдіюсупқызы 1971 жылы 19 маусымда Алматы облысында туған.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген (1999).

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының механика және машинатану институтының зертханашысы, шаруашылық меңгерушісі, кадр бөлімінің инспекторы (1991-1993); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің редакциялық-баспа бөлімінің маманы (1993-1995); Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің маманы (1995); Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Аумақтық даму бөлімінің маманы (1995-1997); Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің аға маманы, референті, аға референті, сарапшысы, аға сарапшысы, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі (1997-2012); Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары (2012-2021).

2021 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Президент Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар