Мас әскери екі қыз баланы 8-ші қабаттан лақтырып жіберді
АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат - Мәскеудің шығыс ауданында мас әскери 8-ші қабаттағы пәтердің терезесінен 2 кішкентай қыз баланы лақтырып жіберді,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл оқиға Саян көшесіндегі №5-ші үйде болған. «Түнгі сағат 2-лерде 30 жастағы әскери қызметкер - ІІІ рангідегі капитан қатты мас болып, 8-ші қабаттағы терезеден өзінің азаматтық некедегі әйелінің 8 жасар егіз қызын лақтырып жіберген», деп хабарлады дерек көз.
Қыз балалар ауыр жарақаттармен ауруханаға жедел жеткізілген. Дереккөздің хабарлауынша, әскери қызметкер ұсталды, қазір онымен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.