Мас ер адам Эйфель мұнарасын «бағындырмақ» болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж полициясы мас ер адамды Эйфель мұнарасына өрмелеп бара жатқан кезде тұтқынға алды, деп хабарлады The Local. Ол тәртіп күзетшілері ұстағанға дейін 30 метр биіктікке барып қалған.
Онымен қысқаша келіссөздер жүргізілгеннен кейін «альпинист» өз еркімен монументтен түсті және сол жерде тұтқындалды. Тәртіп бұзушы өзінің бұл қылығының себебін түсіндіріп, айтып бере алмаған.
Эйфель мұнарасына бір адамның өрмелеп бара жатқаны туралы полиция бөлімшесіне қоңырау таңертеңгі сағат 3.15-те соғылды. Мамандар сол бойда жетіп, 30 жастардағы ер адамның мас күйінде өрмелеп бара жатқанын көрген. Оның кім екендігі және ұлты қандай екені хабарланған жоқ. Оның ісі сотқа берілмек, бірақ оған қандай айып тағылғаны хабарланбады.