Мас күйде адам өліміне себеп болған жол апатын жасау ауыр қылмыс саналатын болады - И.Меркель

«Біз жол-көлік оқиғасына қатысты белгілі бір әділдік шарасын енгізуге тырыстық. Алкогольді мас күйде автокөлік құралдарын басқарғаны үшін жауапкершілік жазасын қарастыратын бапты айтарлықтай өңдедік. Яғни, егер адам мас күйінде жол апатын жасаса және тіпті бір адамның өліміне себеп болса, онда ол ауыр қылмыс болып саналады. Жаңа Қылмыстық кодекске сәйкес, оны тараптардың татуласуына байланысты тоқтату мүмкін емес. Ешқандай да ақша көмектесе алмайды. Қазақстанда жол апатынан адамдардың қаза болғандығы жайындағы фактілерді білесіздер. Менің соңғы есімде қалғаны - Шымкенттегі қыздың жол апатында қаза тапқаны. Жүргізуші үлкен жылдамдықпен айдап келіп, қызды қағып кеткенде қыз 20 метрге ұшып кеткен еді. Мұндай жағдайда жаңа ҚК бойынша татуласу мүмкін емес. Мен мұны әділ деп санаймын», - деді И.Меркель.