Мас күйінде көлік жүргізгендер жүргізуші куәлігінен біржола айырылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізуі салдарынан орын алған жол-көлік оқиғаларында зардап шегушілер болған жағдайда жүргізуші куәлігінен біржола айыру қарастырлуда. Сәйкес заң жобасын Сот-құқық және заңдылық мәселелері жөніндегі парламенттік комитет қолдады, деп хабарлайды РБК.
Аталмыш елдің парламенті бұл туралы түсінік берді. «Бұл заң жобасы жазаға тартудың қосымша түрін - көлікті басқару құқығынан айыруды енгізуді көздейді. Атап айтқанда, ішімдік ішіп, есірткі шегіп немесе басқа да жолдармен масайған адам көлік жүргізгенде жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан дене жарақатын алған зардап шегушілер немесе өлім-жітімге ұшырағандар болса, ол жүргізушіні жүргізушілік куәлігінен өмір бойына біржола айыру қарастырылады», - дейді олар.