Мас күйінде суға шомылуға бет алған кісі өз «жаназасына» куә болды - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мас күйде суға түсудің қауіпті екенін ескертетін ерекше бейнеролик ұсынды.
Бейнероликте аза маршының сүйемелдеуімен суға шомылуға бара жатқан мас ер адамды көрсетеді, демалушыны суда алқагүлмен сүңгуір күтіп алады.
Бенебаян мынадай жолдармен аяқталады: "Статистика суға батқан 10 адамның 8-і мас болғанын көрсетеді".