Мас күйінде төрт бірдей полиция көлігін соғып өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қанададағы Лаваль қаласының тұрғыны (Квебек провинциясы) қаладағы көшелердің бірінде төрт бірдей полиция автомобилін соқты.
CTV телеарнасының хабарлауынша, жексенбі күні болған оқиға кезінде жол апатына кінәлі адаммен бірге екі тәртіп сақшысы жарақаттанған.
«Аса жоғары жылдамдықпен келе жатқан машина жол шетінде тұрған полицей көліктеріне соқтығысқан», - дейді полиция басқармасындағылар.
Жол жүру ережесін бұзған 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жеңіл-желпі жарақаттанған офицерлер ауруханаға жатудан бас тартты.