Мас жүргізуші қаққан екі адам оқиға орнында ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Челябі Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының қызметкерлері екі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған жүргізушіні ұстады, деп хабарлады РФ Челябі облысы бойынша ІІБ баспасөз қызметі.

 Мас жүргізуші қаққан екі адам оқиға орнында ажал құшты

Жол-көлік оқиғасы жексенбіге қараған түні Комаров көшесінде болған. 1985 жылы туған ер адам және жасы шамамен 30-40-тағы аты-жөні анықталмаған азамат  апат құрбандары болды. Олар бағдаршамы жоқ жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан.

Жаяу жүргіншілер жедел жәрдем келгенше бақилық болды. ВАЗ-21103 көлігінің жүргізушісі оқиға орнына қашып кеткен.

Іздестіру шаралары барысында құқық бұзушының алкогольді ішімдікке мас болғаны анықталды. Сондай-ақ, ол бұрын көлік жүргізу куәлігінен айырылған.