Мас жүргізуші он бес адамды басып, оның бесеуі ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Ресейдің Воронеж қаласында «Вольво» көлігін басқарған 28 жасар жүргізуші 15 адамды қағып кетті. Соның салдарынан 5 адам қаза болып, қалған 10-ы ауруханаға жеткізілді.

Мас жүргізуші он бес адамды басып, оның бесеуі ажал құшты

Белгілі болғандай, аталған жүргізуші араққа сылқия тойып алған көрінеді. Ол көлікті басқара алмай қалып, дәмхананың қасында тұрған бір топ адамды қағып кеткен. Адамдарды басқаннан кейін жүргізуші оқиға орнынан жасырынбақ болған, алайда оны полиция құрықтап үлгерді.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бес адамның өмірін қиған оқиғаға кінәлі азамат 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.