Мас жүргізушілердің автомобильдерін алып қою шаралары қарастырылып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Денсаулық сақтау министрлігі Жедел медициналық көмек көрсету департаментінің басшысы Оксана Гусева ІІМ және Қаржы мининистрлігімен бірлесіп әзірлеген Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілетін түзетулер туралы мәлім етті.

Мас жүргізушілердің автомобильдерін алып қою шаралары қарастырылып жатыр

Соның ішінде, алкогольдік ішімдік немесе есірткі пайдаланған жүргізушілердің көліктерін алып қоюы туралы түзету енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған қоса жаңа заңнамада психобелсенді заттарды қолданған жүргізушілердің психиатр-дәрігердің тексерісінен міндетті түрде өтуі ұсынылған. Әзірленген түзетулер Мемлекеттік Думаның қарауына берілді.